2.03.2022, 20:24
Оқылды: 86

Ұстазға құрмет көрсетті

Ғұмырын ұстаздыққа арнаған Переметный мектебінің директоры Мәлік Өтешев зейнет жасына жетті. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, өмірін мектепке арнаған ақсақал ұстазды аудан әкімі Марат Тоқжанов қабылдап, өмірінің кезекті белесіне жеткен ұстазға құрмет көрсетті.

IMG-20220302-WA0041

Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген ардагер ұстаз ауданда Рубежин, Камен мектептерін басқарған, білім бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды. Қазір Переметный орта мектебінің директоры қызметінде. Қоғамдық өмірде де белсенді болған ұстаз аудандық қоғамдық кеңес төрағасы қызметін де ойдағыдай атқарды.

- Сіздің білім беру мен Қоғамдық кеңес төрағасы лауазымында қоғам дамуына қосқан айрықша қолтаңбаңыз бар. Өмірлік тәжірибеңіз, жоғары кәсіби біліктілігіңіз, еңбек жолындағы табандылығыңыз – көпке үлгі. Адамдарға деген ілтипатыңыз, риясыз қарым-қатынасыңыз, олардың қажеттіліктері мен жан тебіреністерін түсіну қабілетіңіз тұрғындардың терең құрметі мен ризашылығына бөленуге сеп болды.

Егемен еліміздің жас жеткіншектерін тәрбиелеу мен әр қазақстандықтың игілігі үшін жасап жүрген еңбегіңізге сәттілік тілеймін.
Ұрпағыңыздың ортасында еткен еңбектің зейнетін көріп, аман жүріңіз,-деді аудан әкімі Марат Тоқжанов.

Сонымен қатар аудан басшысы Мәлік Сисенбайұлының иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале