8.12.2023, 17:30
Оқылды: 11

Үстел теннисі екі күнге ұласты

Жәнібек ауданыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен облыстық ашық турнир өтті.

405245665_892885692841106_5062680332096690981_n

Бәсекеде 2007-2008, 2009-2010 және 2011 жылы дүниеге келген ұлдар мен қыздар, тіпті ересектер де мықтылығын көрсетті.

Қатысушылар Орал қаласынан, Бәйтерек, Ақжайық, Тасқала, Казталов, Бөкей ордасы, ауданынан келді. Сонымен қатар Жәнібек, Ақоба ауылы, Т. Жароков атындағы мектеп, №1 мектеп-лицейі де тыс қалмады. Мемлекеттік Гимн шырқалған соң ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

405388296_892240776238931_8121622742571888751_n

Үстел теннисі екі күнге ұласты. Бірінші оқушылар ынтасын көрсетсе, екінші күні кезек ересектерге берілді. Турнир қорытындысында 2007-2008 жылы туған ұлдар арасында Мадияр Сапиоллла, қыздар арасында Милана Айтәлиева, 2009-2010 жылы дүниеге келген қыздар ішінде Айкөркем Жеңіс, ұлдардан Әлижан Сариев, 2011 жылы туған ұлдар арасында Жұбан Мұратхан, қыздардан Жансая Кенжебаева І орынға ие болды.

Топтық есепте ұлдар арасында қола жүлдені Бөкей ордасы ауданы, күміс жүлдені Жәнібек ауданы еншілесе, №1 мектеп-лицейі жеңіс тұғырынан көрінді. Ал қыздар арасында жүлделі 3-орынға Т. Жароков атындағы мектеп жайғасып, 2-орынға Бөкей ордасы ауданы, 1-орынға Жәнібек ауданы ие болды. Сонымен бірге «Ең жас спортшы» аталымы беріліп, жастардың ынтасын арттыру үшін сыйлықтар берілді. Ересектерден І орынды Әбілсейіт Ибат қанжығасына байлады. Топтық есепте ІІІ орын Жәнібек ауданына, ІІ орын Орал қаласына, І орын М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне бұйырды.

405320314_893155542814121_3701624241655400663_n

Айта кетейік, бұл бәсекеге алты бірдей спорт шеберіне үміткер тісқаққан теннисші, сондай-ақ теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қатысты.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале