19.03.2023, 16:51
Оқылды: 16

Ұялылықтар ұйымшылдық танытуда

Бөкейордасының Ұялы ауылындағы тұрғындар ұйымшылдық танытуда.

IMG-20230319-WA0373

Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылындағы№73 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дамир Бегишанов:

IMG-20230319-WA0374
- Ауылдағы ағайын сайлауға бір кісідей белсенділікпен қатысуда. Бірі сексеннен асса, екіншісі сол сексенге иек артқан Мұсағали Әбуғалиев, Мұқси Бекқалиев ағаларымыз өз аяқтарымен келіп, дауыс беріп, жастарымызға үлгі болды. Ал Арман Табылды сияқты жастарымыз ең алғаш рет сайлауға қатысып, азаматтық міндеттерін орындады. Фельдшерлік амбулаториялық пункт қызметкерлері ұжым боп келсе, көбісі жүбайларымен, бала-келіндерімен келуде. Ұялы ауылы бойынша 517 сайлаушы тіркелсе, соның 354-і таңдау жасап үлгерді. Мереке қарсаңындағы сайлау сондай бір өзгеше көңіл күймен өтіп жатыр. Бір-бірімен көрісіп, жәрмеңкеге барып, саудасын жасап, шаруаларын тындыруда, - дейді.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале