26.05.2021, 9:37
Оқылды: 142

Үздік ауыл кітапханасы атанды

«Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін ашу, қолдау және шығармашылық бастамаларын ынталандыру, инновациялық қызметті дамыту, жаңа идеялар мен жалпыға қолжетімді кітапханалар жұмысын ілгерілету, кітапханалардың беделін, олардың әлеуметтік мәртебесін ауыл, аудан, қала және облыс өміріндегі маңыздылығын, кітапхана қызметкерлерінің ынтасын және кітапхана кәсібінің беделін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» конкурсын ұйымдастырды.

0BED0464-6931-4DA8-A3AF-D58078CD273E

Елішілік конкурсқа ең үздік деген ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық және мектеп кітапханалары қатысты. Бірнеше бөлімнен тұратын сырттай конкурс қорытындысында Бəйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Зеленый ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Ләззат Мизанбаева «Үздік ауыл кітапханасы» бөлімінің «Еркін» аталымында І орынға ие болды. 51 кітапхана ішінен үздік деп танылған ауыл кітапханасы осылайша барша ауданды қуанышқа бөледі.

- «Еркін» аталымында әр қатысушы конкурсқа қажетті презентация тақырыбын өзі таңдау мүмкіндігіне ие болды. Мен «Үздік ауылдық кітапхана» тақырыбына слайд жасап, кітапхана өмірін көрсеттім. Үздік атанғаныма қуаныштымын. Жеңіске жетуіме әріптестерім  мен оқырмандарымның көмегі көп болды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және басқа да тілеулестеріме ризашылығым шексіз,- дейді Ләззат Мизанбаева.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале