27.09.2021, 11:46
Оқылды: 65

Үздік бағдарлаушылар анықталды

Жуырда Бәйтерек аудандық "Жас туристер станциясы" және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бірігіп, спорттық бағдарлаудан "Бәйтерек саябақтары - 2021" атты аудандық жарыс ұйымдастырды.

 IMG_8720 (1)

Бәсекеге Переметный, Янайкин, Өркен, Щапов ауылдарының спортшылары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа 70-тен астам бағдарлаушы келіпті.

IMG_8751 (2)

Жарыс ережесіне сай спортшылар  «Спринт», «Спринт-2» қашықтықтары бойынша бақ сынады. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдер және ересектер бақ сынаған сайыс қорытындысында жалпыкомандылық есепте III орын өркендіктерге, II орын Переметный спортшыларына бұйырса, I орынды Янайкин ауылының бағдарлаушылары қанжығасына басты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен медалдар табысталды.

IMG_8886

- Ауданда спорттық бағдарлаудың жақсы дамыған. Облыстық, республикалық, тіпті халықаралық жарыстарда жүлде салған спортшыларымыз бар. Осы жарыс бағдарлаушыларымыздың жақсы бабында екенін көрсетті. Мақсатымыз – елішілік жарыста алдыңғы қатардан көріну. Бәсеке барысында үздік өнер көрсеткендер алда өтетін байрақты жарыстарға баратын болады, - дейді бапкер Нұркен Қасымов.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале