1.06.2023, 17:39
Оқылды: 18

Үздік мектептегі соңғы қоңырау

Бүгін Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында өткен «Болашағың жарқын болсын, жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатына аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы қатынасып, ұстаздар мен мектеп бітіруші түлектерді, ата-аналар мен оқушыларды құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

Гимназия фото 3

  – Құрметті ұстаздар мен  мектеп оқушылары, білім ордасынан 11 жыл білім алып, үлкен өмірге қанат қаққалы отырған мектеп түліктері, ата-аналар баршаңызды айтулы 1 маусым – «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесімен тұспа-тұс келген соңғы қоңырау салтанатымен құттықтаймын.

Елдің болашағы -  білімді ұрпақ. Қазір елімізде жастардың білім алуына мемлекет тарапынан жан-жақты жағдай жасалуда. Мектеп түлектерінің білім алу ісін тереңдете жалғастырып, туған жердің абыройын асқақтатын елеулі азаматтары болуларына тілекшімін,- деді аудан басшысы.

Ең әуелі ортаға мектеп түлектері шақырылып, мектеп ауласында «Озаттыр шеруі» тамашаланды.

Еліміздегі білім сапасы жоғары танылған үздік 100 мектептің қатарынан көрінген Қаратөбе мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы Жайнагүл Жұмабаева  2022-2023 оқу жылында білім ордасының  қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, мектеп түлектеріне ақ жарма тілегін арнады.

Гимназия фото

Жайнагүл Мұратжанқызының айтуынша мектеп, оқу жылын 254 оқушымен аяқтап отыр. Оның 33-і мектеп түлегі.

Салтанатты  іс-шарада мектеп түлектері сынып жетекшілерімен бірге ортаға шығып, түлектер ұстаздарымен би биледі.

Мектеп түлектері атынан сөз сөйлеген Хамит Аманшин мен  Гүлбақыт Ғабдрахман өздерін білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарына алғыс білдіріп, бірге оқыған сыныптастарын елдің абыройын асырып, мәртебесін көтеруге шақырды.

гимназия фото4

Түлектер ортаға шығып ұстаздарына гүл табыстады.

Соңғы қоңырау соғылатын сәтте жетіп, оқу жылының аяқталуын айғақтайтын соңғы қоңырау соғу рәсімін үздік аттестатқа үміткер Сайда Самигуллина мен 5-сыныпты үдік аяқтаған озат оқушы Ернар Темірболат жүргізді.

Мектепте өткен салтанатты шараға  аудандық білім бөлімінің басшысы Берікжан Қарапшиев қатысты.

 

                                                Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале