31.12.2021, 11:55
Оқылды: 169

Үздік оқырман анықталды

Биыл елімізде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланған еді. Осынау науқан аясында Теректі аудандық балалар кітапханасы да өңіріміздегі оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруда.

IMG-20211231-WA0025

Сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында аталмыш кітапхананың ұйытқы болуымен ұлт мәдениетінің ең құнды бейнесі саналатын кітап оқу үрдісін жандандыру бағытында «Жылдың үздік оқырманы» атты шара өтті.

«Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені де тану үшін кітап керек» демекші, ауданымыздағы бірқатар кітап сүйер оқырмандарымыз «Үздік оқырман – 2021» аталымын  иеленді.  Оқуға құштар А.Божко, Ж.Балтабек, Э.Шакиев, Ә.Нұрлановалар үздік деп танылса, ең қызығы балалар кітапханасы екенін біле тұра Оразбай Абдулшаев есімді қария да бұл  кітапхананың 15 жылдан бері тұрақты оқырманы ретінде танылып келеді.

IMG-20211231-WA0026

— Алаш қайраткері А.Байтұрсынұлы «Газет-халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» деп айтқандай, бүгінгі күннің нағыз талабы оқу  екенін естен шығармауымыз керек. Қоғамның барлық салаларындағы соңғы жаңалықтарды және жетістіктерді жедел жеткізетін ақпарат көзі— кітапханамыздағы жергілікті мерзілім басылымынан бөлек «Орал өңірі», «Самал», «Ұлан»  газеттерін қызығушылықпен оқимын,— дейді 75  жастағы оқырман О.Абдулшаев.

Барша марапат иелеріне орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Римма Болатованың атынан мадақтама мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Айнагүл Турекешова, 

Балалар кітапханасының меңгерушісі

Теректі ауданы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале