15.12.2021, 22:50
Оқылды: 69

Үздік оқырмандар анықталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Теректі аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Менің Тәуелсіз елім, балалар көзімен» атты аудандық шығармашылық онлайн байқауы  өтті.

BCBD666D-5808-4F64-A094-8D252274D3EA

Байқау шартына сәйкес әділ бағасын беретін қазылар құрамында «Теректі жаңалығы –Теректинская новь» газетінің бас редакторы, ақын Ә.Орынбасаров, Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогтері Ү.Орынғалиев пен В.Сагубаева болды. Байқауға аудандық оқушылармен бірге, Ақжайық, Сырым, Жәнібек, Шыңғырлау ауданына қарасты ауылдық кітапхана оқырмандары да атсалысты.

F118ABA9-DC7B-4AD7-9D9B-63F7B4092DC5

Байқау барысында «Ең үздік эссе» аталымы бойынша «Бас жүлдені» Долин ауылдық кітапханасының оқырманы І.Ержан, жүлделі 1-орынды А.Хабиева мен А.Мұрат иеленсе, 2-орынды Ақжайық ауданына қарасты Алмалы ауылдық кітапханасының оқырманы Ж.Наурызғали мен Есім ауылдық кітапханасының оқырманы Н.Сыдық, үздік үштіктен Ақжайық ауданы, Тоған ауылының қатысушысы Г.Нурмантай мен Есенсай ауылынан Н.Мырзағали көрінді.  

«Ең үздік арнау» аталымы бойынша бас жүлдені Юбилейный ауылдық кітапханасының оқырманы А.Мыңжасар жеңіп алса, 1-орынды А.Сейтонов иемденді, 2-орынды С.Нұржан мен Ә.Ержан, жүлделі 3-орынды Ж.Бекмырза мен З.Жексен иеленіп, жеңімпаз атанды.

«Ең үздік сурет» аталымы бойынша «Бас жүлдені» Н.Төлеген , 1-орынды О.Нұржан және А.Какижанова алса, 2-орынды Ж.Таирова, А. Какимова, Ә.Төремұрат, А.Ажимов сынды қатысушылар, Подстепный №1 ЖОББМ 1-сынып оқушысы Қ.Бақытнұры, А.Сапарғалиева, А.Арыстанова, И.Тілегенова, Е.Жұмабектер 3-орынды қанжығасына байлады. 70-ке жуық қатысушылар ішінен жүзден жүйріктер анықталып, Теректі ОКЖ директоры Р.Еркінқызының атынан алғысхатпен марапатталды.

 Айнагүл Турекешова,

кітапхана меңгерушісі,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале