8.11.2022, 20:28
Оқылды: 29

«Үздік пікірсайысшы – 2022»

Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектебінде «Үздік пікірсайысшы – 2022» атты 8-11-сынып оқушылары арасында дебаттан аудандық турнир ұйымдастырылды.

78
Сайысқа №1 мектеп-лицейінен «Оратор», Ұзынкөл орта мектебінен «Зиялы», А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінен «А.Оразбева мектебі», Т.Жароков атындағы орта мектебінен «Абырой», Ғ. Абдуллин атындағы орта мектебінен «Ақиқат ұшқыны», Е.Ниетқалиев атындағы орта мектебінен «Самұрық» командалары қатысты. Команда мүшелері 2 адамнан тұрады, лидер және спикер.

8
Дебат барысында пікірсайысшылар «Қазіргі заманғы бағалау жүйесі БЖБ және ТЖБ-ны қолдайды», «Қазіргі қоғамдық жұмыстар мектепте міндетті түрде болуы тиіс» сынды тақырыптар аясында сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

9
Жарыстың нәтижесінде «Самұрық» командасы (Е. Ниетқалиев атындағы орта мектеп) ІІІ орын, «Зиялы» командасы (Ұзынкөл орта мектебі) ІІ орын, «Оратор» командасы (№1 мектеп-лицейінен) жүлделі І орынға ие болды. Ал Т. Жароков атындағы орта мектептің намысын қорғап келген «Абырой» командасы бас жүлдеге ие болып, облысқа жолдама алды.
Сонымен қатар Ғ. Абдуллин атындағы орта мектебінен келген «Ақиқат ұшқыны» командасы «Үздік креатив», №1 мектеп-лицейінің «Оратор» командасының лидері Бекжан Болат «Үздік оратор» аталымдарын иемденді.
Барлық командалар дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Жанар Жұмалиева «Абырой» командасына табысталған кубок ауыспалы екенін ескертіп, алдағы уақытта осындай пікірсайыстардың жиі ұйымдастырылатынын айтты.

Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале