1.12.2022, 23:35
Оқылды: 52

Үздіктер анықталды

Таяуда Бәйтерек ауданының 8-11-сынып оқушылары арасында «Үздік пікірсайысшы – 2022» облыстық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі оздырылды.

IMG-20221201-WA0037Қатысушылар «Қазіргі заманғы бағалау жүйесі БЖБ және ТЖБ-ны қолдайды», «Туған елде тұрып, жұмыс істеу - дарынды жастардың таңдауы», «Сапалы медициналық қызмет тегін болуы тиіс» деген сияқты өзекті мәселелер бойынша берілген тақырыптар аясында сынға түсті. Ойкөкпардың керемет үлгісін көрсете білді. Әділқазы алқалары финалға жолдама алған қос фракцияға жаңадан тапсырма беріп, оқушылардың ой ұшқырлығын, ақпарат іздеудегі жылдамдығын, логикалық тұрғыдан ойлау қабілетін, шешендік өнерін жан-жақты саралап, тексерді.

Нәтижесінде қазақ лигасы бойынша Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының намысын қорғаған «Алаш» фракциясы үздік болды. Орыс лигасы бойынша Трекин №1 ЖОБМ оқушылары топжарды. Олар облыстық пікірсайыс турнирінде аудан намысын қорғайтын болады. Ал «Үздік спикер» аталымына Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Назкен Саматқызы және Трекин №1 ЖОБМ 9-сынып оқушысы Ерік Жаншеев лайық деп танылды.

Мәдина Ибрагим,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале