26.12.2022, 12:45
Оқылды: 44

Үздіктер марапатталды

Жыл аяқтала бере әр салада қызмет еткен мамандар жыл қорытындысына сәйкес марапатталып, үздіктер қатарынан табылуда. Осы орайда, Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова мәдениет саласының қызметкерлерін қабылдап, Батыс Қазақстан облысының «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен Алма Нәжмеденованы, Армангүл Днекешова мен Айгүл Байғалиеваны марапаттады.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 12.24.04

Сонымен қатар, медиаторлар байқауына қатысқан ауданымыздың құрметті азаматы Сағынғали Имашевқа «Үздік медиатор» төсбелгісін табыс етті. Аудан басшысы марапатталушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 12.24.02(2)

Өз кезегінде сөз алған марапат иелері де аудан басшылығына, әріптестеріне қызметтерін елеп, жылы лебізін білдіргендеріне алғыстарын білдірді.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале