9.10.2021, 2:37
Оқылды: 50

Үздіктерге төсбелгі тағылды

10 қазан - Кәсіподақтар күніне орай "Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Иманқұлованың атынан бірқатар кәсіподақ мүшелеріне төсбелгі табысталды.

50084542-A43C-4156-89F8-F82133FBC8E3

Өңірлеріне төсбелгі таққан үздіктер қатарында сырымдық демалыс орталығының қызметкерлері де бар.
Сырым аудандық демалыс орталығының мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастырушы маман, белгілі әнші-термеші Армат Алдамжаров, саябақтар бөлімінің меңгерушісі Ақкүміс Мұрадымова және аталмыш мекеме директоры Динара Ихсанова.

Ауданымыздың кәсіптік одағының үздіктеріне тек жемісті еңбек тілейміз!

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале