17.01.2022, 11:01
Оқылды: 29

Велосипед "ерттеген" дәрігер

Қазіргі кезде дәрігерлердің атына айтылатын сын көп. «Адамға дұрыс қарамай, компьютерге қарап отырады», «сырқатымды дөп анықтамай, асқындырып жіберді» дегенді өз басым жиі естимін. Сондайда «менің дәрігерім ондай емес, білікті, адамға ықыласты» деп мақтана айтамын.

F73C469E-AC35-43D4-92F4-3B268BEDFDDC

Менің дәрігерім – Шолпан Бисекенова. Ол Теректі аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері. Қартты да, жасты да бір өзі емдейтін бесаспап маман.

Шолпан Өтеғалиқызын мен учаскелік терапевт болып қызмет атқарған кезден білемін. Өзі Ақжайықтың тумасы. Ауданға алғаш келгенде талдай қыз болатын. Ыстық-суыққа қарамастан, велосипедпен ауыл айналып, өз теліміндегі үйлерді аралап жүретін. Науқасы бар адам кінәмшіл келмей ме. Дегенмен, дәрігер қай-қайсының да көңілін тауып, емін жасайды.

Сол «велосипедші» дәрігер қазір тәжірибелі маман болды. Аудандық аурухананың күндізгі стационарында емдеу жүргізеді. Қызмет бабы  өзгергенмен, өзі сол баяғы қалпы. Елгезек, кішіпейіл. Алдына келген адамның жанын сөзімен, тәнін дәрімен емдеп жібереді.

Абзал жаннан сырқатына шипа тапқан ауыл тұрғындары дән риза. Сондай риза жандар атынан алғысымды білдіремін.

 Асылай Шалиева,

Федоров ауылының тұрғыны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале