5.03.2024, 15:00
Оқылды: 13

Волейбол чемпиондары анықталды

1 наурызда Теректі ауданының Подстепное ауылында басталған үлкен спорттық дода мәреге жетті.

волейбол 2

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған қыздар командалары арасындағы облыстық көктемгі волейбол чемпионатына аудандардан жас ерекшеліктеріне қарай топтасқан 30 команда келді.

Чемпионаттың өтуіне Теректі ауданы әкімдігі, Теректі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қолдау көрсетті. Жарыс ойындары Подстепное спорт кешенінде және ауылдағы екі орта мектептің спорт залында өтті.

1-5 наурыз күндері тор үстінде доп ойнатып, облыс чемпионы атағын иелену үшін бар шеберліктерін салған 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылдары туған қыздар командалары арасынан чемпиондар анықталды.

2008-2009 жылдары туған қыздар арасында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған олипиада реверві мектеп-интернат-колледжі» командасы чемион атанды. 2010-2011 жылдары туған қыздар арасында да осы арнайы оқу орыны командасы жеңімпаз.

2012-2013 жылдары туған қыздар командалары ішінен «Батыс» СК жеңімпаз деп танылды.

Өз алаңында ойнаған Теректі ауданы командаларының ең жоғары нәтижесі  төртінші орын ғана болды.

 

Тамара Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале