23.11.2021, 12:20
Оқылды: 51

Волейболдан өткен ашық турнир

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мичурин мектебі қабырғасында волейболдан ашық турнир өтті.

Screenshot_20211123-082918_Instagram

 

 

«Мейірімділік жүректен, қайырымдылық білектен» атты қайырымдылық жарысында бас-аяғы он команда бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.

Бұқаралық спортты дамыта отырып, ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру. Сонымен бірге қатысушылар арасындағы достықты нығайту мақсатында өткен жарыс тартысқа толы болды

Ойын барысында әуесқой волейболшылар өнерімен көпті таңғалдырып, шебер ойын өрнегін көрсетті.

Тегеуріні мықты, теңдессіз турнир қорытындысында №48 мектептің намысын қорғаған волейболшылар үздік үштікке енсе, мичуриндік спортшылар екінші, ал қарсыластарын шаң қаптырып, тамаша ойын ұсынған шағандық волейболшылар жарыс жеңімпазы атанды.

Жарыс жеңімпаздары мен үздік ойыншылар кубок медальдармен марапатталды.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале