29.01.2023, 15:56
Оқылды: 0

Халал дәмхана ашылды

Ауданымызда жас та болса бас болып, адал кәсіп істеуге ниет қылған жастарымыз көп емес. Дегенмен жастайынан ата-анаға масыл болмай, жақсы іс бастаған жас кәсіпкер Бекарыс Маханбетовты атап айтуға болады. Осы күнге дейін ауылға келіп, біраз істің тізгінін ұстап көрген жас жігіт Казталов аудан орталығынан халал дәмхана ашып жатыр. 

047D3E9A-D0CF-4A2E-B5C2-9CF0929A6127

Бұрынғы «Бәйтерек» дүкенін жалға алып, жұмысын бастаған Бекарысты қолдап округ әкімі Ернар Ғалымов, Казталов аудандық мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов және ағайындары келді.
Дәмхананың ашылуында сөз алған ел ағасы Ернар Бахтиярұлы ағалық ақылын айтып, жаңа ісіне сәттілік тілесе, бас имам Жандосбек Құсайынов құран бағыштап, бастамасының берекелі болуын тілеп, батасын берді.

A49BC18B-AE4F-4444-B8BA-15DB81699180Біз де дәмхананың ашылуына қатысып, Бекарыс бауырымызды әңгімеге тарттық.
— Ауылда жүріп біршама кәсіп жасап көрдім. Соңғыда алкоголь өнімдерін сатумен айналыстым. Бірақ одан тап береке таптым деп айта алмаймын. Үйдегі ата-анаммен ақылдаса келе, халал дәмхана ашуды ұйғардық. Бірінші кезекте, қолдау білдірген әке-шешеме алғыс айтқым келеді, - деп ағынан жарылды Бекарыс.
Жаңадан ашылған дәмханадан ыстық кәуәп, қуырдақ, самса, бәліш секілді дәмі тіл үйірер тағамдарға тапсырыс беріп, жанұяңызбен тойымды ас жеп қайтуға болады. Дәмхананың тағамдарын тапсырыс беріп, үйіңізге де алдыруға болады.

Қайрат Жақып

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале