21.02.2022, 20:20
Оқылды: 74

Халық қалаулысы – Қаратөбеде

Ақпан айының 21-і күні Қаратөбе ауданына келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов  ауданда атқарылған жұмыстармен танысып, ауыл ардагерлерінің ой-пікірлерін тыңдады.

 Жамалов сапары (4)

Аманжан Мәкәрімұлы, ең алдымен, өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысымен танысып, кітапхананың конференция залында ауыл ардагерлері және жастармен кездесті.

Ауданда атқарылып жатқан игі істерге ризашылығын білдірген халық қалаулысы аға ұрпақ өкілдерінің аудан өміріне қатысты өтініштері мен сауалдарын тыңдап, өзара пікір алмасып, қойған сауалдарына тұшымды жауап берді.

Жамалов сапары (6)

Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев, облыстық ерікті мүгедектер қоғамы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Еркінбек Жәнібеков, ардагер ұстаз Халық Наурызалин, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрберген Жоламановтар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.

Аманжан Мәкәрімұлы күрделі жөндеуден өткен аудан орталығындағы тағы бір нысан «Қаратөбе» спорт клубының жұмысымен де танысты.

– Жиырма жылдың ішінде аудан орталығында біраз құрылыстар салынып, едәуір жаңарғанын көріп, атқарылған жұмыстарға риза болып отырмын. Кейбір аудандарда болғанымда бұндай өзгерістерді көрмедім. Кітапхана ғимараты жаңадан салынғандай керемет жөнделген екен. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, - деді халық қалаулысы  А.Жамалов.

Жамалов сапары (1)

Аманжан Мәкәрімұлы «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында жеке мәселелері бойынша аудан тұрғындарын қабылдады.

 

Ерболат Райсов,

                                                                               Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале