3.02.2017, 18:22
Оқылды: 39

Халық қажеті қалыс қалмауы керек

Shingirlau kabildau  Шыңғырлауда аудандық атқарушы органдардың ұйғарымымен ауылдық елді-мекендерде «Ашық есік» күндері өтуде. Тұрғындардың қажеттілігін жергілікті жерде тыңдап, жауаптар беріп, нақты іс жүзінде қабылдаулар жүргізуге аудандық барлық мемлекеттік мекемелер басшылары қатысуда.


  Лубен ауылдық округінде өткен қабылдауға тұрғындар белсенді қатысты. Ауыл халқының негізгі сұранысы – жол қатынасы, аз қамтылған отбасылардың баспаналарын газбен қамту мәселелері, кәсіпкерлікке талаптану,  жеке сұрақтары мен өтініштері. Ең көп сұрақ аудандық «Қазақтелеком» мекемесіне түсті. Барлық сұрақтар тиісті тіркеуге алынып, нақты жауаптар берілді.

  Айта кетсек, «Ашық есік» күніне аудан әкімі Альберт Есалиев бастаған 20-дан аса мекеме басшылары қатысты.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале