11.01.2022, 17:19
Оқылды: 50

Халыққа қажет қор

Бүгінгі өткен ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  бірқатар тапсырмалардың бетін ашып,  «халықпен біргеміз» деп күш біріктіргені  халқымызға серпіліс берді.

44

Нақты тапсырмалар бере отырып, елдің еңсесін көтере білді. Соның ішінде, «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қорды құруды тапсырды. Қор жұмысы - әлеуметтік, денсаулық, білім салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Қоғам белсенділері арқылы қорды халықтың өзі басқарады. Қор қоғамды біріктірудің тағы бір құралына айналып, азаматтарда әлеуметтік әділдік сезімін күшейтетініне сенімдімін. Қоғамдық-әлеуметтік қоры денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласында нақты проблемаларды шешумен айналысады. Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмектеседі. Қалаларда, аудандарда, ауылдарда балаларға арналған спорттық алаңдар саламыз. Қабілетті балаларға жәрдемдесеміз, - деді Мемлекет басшысы. Осы айтылған қор құрылар болса тиімді болар еді.

2019 жылдан бастап ауданымызда «Алтын шуақ» ҚБ өз жұмысын атқаруда. Бір жыл бойына облыстық «Парасат-2018» ҚҚ демеушілік жасап, жұмысқа қабілетсіз бірнеше мүгедек жандарға көмек көрсеттік. Рухани тұрғыдан да демеу беріп, материалдық тұрғыдан қол арба, көгілдір отын өткізу сынды жағдай жасап келеміз. Жалпы, мүгедектігі бар жандарды қоғамға тарту керек. Оларға көңіл бөліп, түрлі шаралар өткізуіміз тиіс. Біздің қоғамдық бірлестік осы бағытта жұмыстануда. Ендігі кезекте, осы жылдан бастап демеушілік тоқтағалы тұр. Президентіміз қолдау білдіріп отырған тұста, жұмысымызды жандандырамыз деп сенім білдіремін.

Жаңа Қазақстанды бірге құрайық. Біз біргеміз!

Серік Ашықбаев,

Теректі ауданы,

«Алтын шуақ» ҚБ төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале