БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды
5 Маусым 2023

БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады
5 Маусым 2023

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды
5 Маусым 2023

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды
5 Маусым 2023

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды

БҚАТУ-да еңбек жасағы жұмысқа кірісті
5 Маусым 2023

БҚАТУ-да еңбек жасағы жұмысқа кірісті

Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері: Асхат Оралов Каирге жұмыс сапарымен келді
5 Маусым 2023

Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері: Асхат Оралов Каирге жұмыс сапарымен келді

Халықты біріктірген мереке

Жыл басы — Наурыз мейрамы шалғайдағы Болашақ ауылдық округінде тойланды. Ауылдағы орталық алаңда мерекелік сахна, киіз үй, алтыбақан құрылып, наурыз көже мен бауырсақтың тәтті иісі бұрқырады.

IMG-20230322-WA0061 (1)

IMG-20230322-WA0058 (1)

IMG-20230322-WA0051 (1)

Алаңға жиналған халықтың қарасы қалың. Қыстан аман шыққан ауылдастар бір-бірімен құшақтасып көрісіп, ақ тілектерін жаудыруда.
Көпшілік жиналған тойға округтің Жаңатаң, Көпкүтір, Аққурай елді мекендерінің тұрғындары да асыға жетіп, мерекеге атсалысты.

IMG-20230322-WA0050 (1)
Тойға жиналған округ тұрғындарын округ әкімі Аманжол Қажығалиев құттықтаса, ауылдың батагөй ақсақалдары елдің амандығын тілеп, бата берді. Әжелер ырыс пен берекеге толы мейрамды әспеттеп, шашу шашты. Әр жерден қазан көтеріліп, қуырдақ, палау, кәуәп қуырған қазан-ошақтардың түтіндері аспанға түзу ұшты.
Мерекеге жиналған ағайын киіз үйден дәм татып, ұлттық спорттық ойындарды тамашалады.
Алаңда мықтыларды анықтаған аударыспақ, арқан тарту, қой, қозы көтеру, ләңгі тебу, білек сынасу секілді ұлттық ойындар оздырылды.
Халықты біріктірген Наурыз тойы ауыл көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен айшықталды.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале