28.05.2021, 20:20
Оқылды: 73

Халықтық «Шаңырақ» театры көрермен ықыласына бөленді

 Бүгін Шыңғырлау ауданында облыстық мәдениет басқармасы және халық шығармашылығы орталығы, Шыңғырлау ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен облыстық «І Режиссерлер марафоны» жобасы аясында «Қолтаңба» спектакль сағаты өткізілді.

5B14606C-9680-4F5C-8E67-183AEC8D4570

Аудандық халықтық «Шаңырақ» театры Рахымжан Отарбаевтың «Абай сот» спектаклін бұл жолы жаңа леппен, ерекше форматта халық назарына ұсынған болатын. Спектакльді тамашалау үшін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов және облысымыздағы халықтық және әуесқой театр режиссерлері, актерлері және көркемдік жетекшілері арнайы қонақ болып келді. Қойылым барша көрерменнің көңілінен шықты.  Кәсіби актерлер болмаса да спектакль кейіпкерлері рөлдерді тиісті деңгейде сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

C7A40FB9-2439-4CC6-A2A9-F3454852DCF8

  Өз кезегінде аудан әкімі Әлия Биғазықызы сөз сөйлеп, қойылымның сәтті шығуымен құттықтады. Спектакльдің қоюшы режиссері Мырзагереев Жалғасбекті және барша актерлерді алғысхаттармен марапаттап, сый табыс етті. Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Темірғалиұлы сөз алып, ізгі тілегін білдірді. Қойылымның көңілінен шыққанын жеткізіп, өмір шындығын театр арқылы жеткізу үлкен өнер деген пікір қалдырды. Театр актерлері мен келген қонақтар естелік фотоға түсіп, қойылымды талқылауға шақырылды.

090EEF37-D3A9-44A1-AB00-4E376E8B30E1

  Мақаланың толық нұсқасын Шыңғырлау аудандық "Серпін" газетінің келесі нөмірінен оқи аласыздар.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале