29.12.2021, 11:10
Оқылды: 75

Халықтың әлеуметтік осал тобы

Жаңақала аудандық «Nur Otan» филиалы жанындағы «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі Қоғамдық кеңестің онлайн форматында отырысы өтті.

14

Күн тәртібінде 4 санатты мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жұмысы туралы мәселе қаралды.

«Nur Otan» партиясының «Өзгеру жолы: әркімге лайықты өмір» сайлау алдындағы бағдарламаны орындау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдарға «Кедергісіз келешек» «Nur Otan» партиялық жобаны іске асыру шеңберінде жергілікті жерлерде бұрын жартылай бейімделген әлеуметтік нысандарды IV санатты мүгедектігі бар адамдар үшін 100 пайыз қолжетімді болуы үшін, аудан бойынша 20 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының тізімі бекітіліп, оларға мобильдік топ барып ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізіп, акт жасақтаған болатын. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров, күні бүгінге 20 обьектіден тек қана күні бүгінге 4 нысан орындап қалған 16 нысан жартылай ғана орындап, толық аяқтамай отырғанын жеткізді.

Бұл атқарылар жұмыс партияның сайлауалды бағдарламасында болғандықтан міндетті түрде орындалуын Жаңақала аудандық білім беру бөліміне, аудандық денсаулық сақтау бөлімі және осы жұмыстардың орындалу барысын қоғамдық кеңес төрайымы Ж.Батыроваға тапсырды.

Р.Саматов, Жаңақала аудандық «Nur Otan» партиясы

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале