10.09.2023, 20:01
Оқылды: 40

Халықтың белсенділігін арттыруымыз керек 

Казталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылдық округі әкімін сайлау науқаны жалғасуда. Сайлауда байқаушылардың да белсенділігі артып, сайлаудың әділ өтуін бақылауда. 

20230910100627_IMG_6937 (1)

№244 сайлау учаскесінде «Жария» қоғамдық бірлестігі атынан байқаушы болып жүрген Кенжеғали Жиенғалиев халықтың сайлау науқанындағы белсенділігін арттыруымыз керектігін атап өтті.

- Сайлау учаскелері өз жұмысын бастаған уақыттан бастап сайлаудың өтуін бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі уақытта ешқандай заңбұзушылық анықталмады. Халықтың да сайлауға қатысуы жақсы. Дегенмен, әлі де болса тұрғындардың белсенділігін арттыру керек. Әкімдерді халықтың сайлауына мүмкіндік беріліп отыр. Сондықтан халық сайлауға жауапкершілікпен қарағаны жөн. №244 сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелерінің де жұмысынан теріс әрекеттер байқалмады, - деді ол.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале