9.08.2022, 17:45
Оқылды: 38

Халықтың мәселелері тыңдалды

Бүгін Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтерінде кезекті әкімдердің халық алдында есеп беру жиындары басталды. Есеп беру жиындарына Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев қатысып, аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен алдыңғы есеп беру жиындарында аталмыш округ тұрғындарының көтерген сұрақтарына жауап берді.

20

Жиындар барысында аудан басшысы аудан аумағынан «Бөкей орда» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Ащыөзек» мемлекеттік қаумалы құрылғаны туралы айтып, резерват аумағына кіретін шаруа қожалықтарына уақытша пайдалануға берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарылатынын айтты. Рүстем Мүлкайұлы жиындар кезінде еңбек қатынастарын реттеу, табысын жасырып отырғандарды анықтау, салық түсімдерін көбейту, айппұлдар салу туралы кеңінен баяндады. Жиындарға қатысқан салалық бөлім, мекеме басшылары округ тұрғындары қойған сұрақтарға жауап беріп, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде қызықты мәліметтер берді.

Қараоба

Қараоба ауылдық округінде өткен халық жиынында округ әкімі Жалғас Сүндетовтың хабарламасы барысынан кейін, округ тұрғындары көтерген мәселелер бойынша жауаптар берілді.

23

Округ тұрғындары көтерген мәселелер мен сұрақтарға қысқаша тоқталсақ, Қошанкөл мен Қараоба ортасындағы жолды көтеру, ауыз суға екінші скважина қазу мәселелері. Жолды көтеру үшін жолға жауапты мердігер мекемеге тиісті тапсырма берілген. Ауыз суға қажетті қосымша ұңғыма қазу жұмыстары қыркүйек айында басталмақ. Мұнымен қоса ескі ұңғыманы тазалау жұмыстары атқарылатын болады. Киік басының көбеюі, соның ішінде өлген киік төшкелерін жинау жұмыстары «Охотзоопром» мекемесімен бірлесе жүргізілді. Мемлекет тарапынан киіктің басын шектеу, яғни, ату туралы мәселе көтерілуде. Дегенмен, әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Қараоба ауылына техникалық су тартуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып тұр. Жобаның қаражаты қысқартылды. Облысқа бюджеттік сұраныс берілген. Ендігі кезекте қаражат бөлу қалып отыр. Ауыл ішіндегі жолдарды көтеру 2023 жылға қаражат сұралып отыр.

Қошанкөл

Қошанкөл ауылдық округінде өткен халық жиынында округ әкімі Ернар Ілиясов экрандағы слайд арқылы атқарылған және жоспардағы жұмыстар бағытын баяндап өтті.

Сұрақ-жауап форматында өткен жиында ауыл тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын ортаға салды. Тарқатып айтсақ, ауылға, сайға Сарыөзеннен су айдау үшін арнайы мобильді су сорғысы сатып алынған. Бұл тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген мәселесі оң шешімін тауып, су сорғысын алуға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Қошанкөл ауылындағы ауыз су ұңғымаларын қоршау, Бақасай бөгетін бекіту, Көктеректегі «Алау» жазғы демалыс лагерін жыл бойы демалатын демалыс орталығына айналдыру, электр бағандарын ауыстыру, «Қарлығаш» бөбекжайын жөндеу секілді ауылға ортақ мәселелерді көтерген тұрғындар, тұщымды жауап алды.

22

Жиында көтерілген жұмыстар өз кезеңімен атқарылат болса, «Алау» лагері аумағынан демалыс орталығын салу үшін қаражаты мол инвестор тарту көзделеді. Әзірге қызығушылық танытып жатқан кәсіпкер жоқтың қасы. Бірақ, қарап отырмай болашақ демалыс аймағының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасау қажет.

Тереңкөл

Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Сабыржан Ищанов қысқаша округ туралы мәлімет айтып, жүзеге асқан жұмыстар турасында хабарлады.

21

Округте шешім таппай келе жатқан ауыз су ұңғымасын жаңадан қазу, тазарту жұмыстарына аудандық бюджет есебінен қаражат бөлініп, биыл жаңадан бір ұңғыма қазылды. Және де қосымша ұңғыма тазарту жұмыстары да алдағы уақытта қолға алынбақ. Алдағы уақытта ауыл ішіндегі жолдарды көтеру, жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасату керек. Техникалық су тарту мәселесі де болашақтың еншісінде.  Ал ауылдағы акушерлік-амбулаториялық пунктке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу облыстық денсаулық басқармасы 2023 жылға сырып отыр. Резерват аумағына кіретін ауыл малының суаттарын халыққа қалдыруды шешу қажет.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале