9.06.2021, 10:02
Оқылды: 71

Хан ордасынан Оралға автобус жүреді

«Хан ордасы-Орал» маршруты бойынша жүретін жаңа автобус өз жұмысын бастады. Автобус маршрутының ашылу салтанатына БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Тимур Шиниязов, «Қазақстан Елім» ЖШС директорының орынбасары Асқар Бақытжанов, аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов, тиісті мекеме өкілдері, еңбек ардагерлері мен жергілікті тұрғындар да арнайы  қатысты.

2AADAE23-CECC-4583-987B-17169417D187

Айта кетелік, «Хан Ордасы-Орал» бағыты бойынша қатынайтын 28 орындық автобустың жолақысы 2000 теңгені құрайды. Тақ күндері Ордадан Оралға, жұп күндері Орал қаласынан Хан ордасына шығады.

Дәл осындай маршруттік автобустар кестеге сәйкес Сайқын және Бисен ауылдарына да жүретін болады.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале