7.05.2026, 12:30
Оқылды: 6

Хан ордасындағы турнир тартысты басталды

Бөкей хандығының 225 жылдығы және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы волейболдан Бөкей ордасы ауданы әкімі кубогы турнирі өтуде.

IMG-20260507-WA0011

Мемлекеттік Гимнмен басталған турнирдің шымылдығы аудан басшысы Нұрлыбек Даумовтың құттықтауымен түрілді. Аудан әкімі турнирге қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Облыс әкімінің орынбасары, БҚО волейбол федерациясының Президенті Тілепберген Каюпов пен ауданымыздың «Құрметті азаматы», спорт ардагері Ерболат Таңатов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, тілектерін айтты.

IMG-20260507-WA0017
Ал аудан әкімі кубогына облыс әкімдігі командасы, Ақжайық, Бәйтерек, Жәнібек,Казталов, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау және Бөкей ордасы аудандары әкімдігінің командалары өзара сынға түсіп, турнир көрігін қыздыруда.

IMG-20260507-WA0035

IMG-20260507-WA0026
Еркебұлан Бисенғалиев
Суретке түсірген автор

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале