4.10.2022, 19:56
Оқылды: 269

Ханкөл ауылының шекарасына белгі орнатылды

Бүгін Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылы аумағындағы Самара – Шымкент автокөлік жолы бойынан «Қаратөбе ауданы» жазуы бар арнайы белгінің ашылу салтанаты өтті.
Көз тартар белгіні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Ханкөл орта білім беретін мектебінің 2005 жылғы түлегі Асылбек Елешов орнатып, туған жеріне тарту жасады.

Ханкол белгі (3)

Аудан атауы жазылып, эмблемасы бейнеленген белгінің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, Ханкөл ауылының тұрғыны Ғабдрахман Бисеғұлов туған жердің көркейіп, гүлденуіне өзіндік үлес қосқан меценатқа аудан, ауыл халқы атынан алғыстарын білдірді.

IMG-20221004-WA0047

– Мен осы құтты мекенде туып-өстім. Туған жерім талабымды ұштап, асқақ арманыма жеткізген қасиетті мекен. Осынау атамекенімді дамыту, көркейту бағытында осындай игі істі қолға алып, еліме тарту еттім. Әлі де елде атқарылар игі шаралар бар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Қаратөбеміз гүлдене берсін,- деді кезегінде сөз алған туған жер түлегі Асылбек.

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы мен Асылбек Жасұланбекұлы арнайы орнатылған белгінің лента қию рәсімін жүргізіп, белгіні салтанатты түрде ашты.

Айта кетейік, тас жол бойына жоғары талғаммен орнатылған белгінің биіктігі 4 метр 80 см болса, ұзындығы 4 метр.

Райымбек Абай,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале