24.10.2024, 21:48
Оқылды: 157

Ханкөлде жаңа медпункт ашылды

Денсаулық сақтау жүйесі – қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Елімізде сапалы қызмет көрсететін емханалар мен ауруханалар бой көтеріп жатыр.

Ханкол метпункт (1)

25 қазан – Республика күні қарсаңында Жусандыой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылында су жаңа медициналық пункт ашылды. Төрт жүзден астам халқы бар аталмыш ауылдың тұрғындары үшін бұл көптен күткен қуаныш.

Ханкол метпункт (8)

Айта кетейік, жалпы ауданы – 90 шаршы метр болатын ғимарат, ауырып ем іздеген ауыл тұрғындарын қабылдап, ем-шара көрсетуге толық қаухарлы.

Медициналық пункттің салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз алып, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны Ғабдрахман Бисеғұлов та ауыл тұрғындарын құттықтады.

– Ауыл халқын үлкен қуанышымен құттықтаймын. Халықтың денсаулығы әрқашан алдыңғы орында тұрады. Жаңа медициналық пункт игіліктеріңізге жұмыс жасасын, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Жаңадан бой көтерген ғимараттың құрылысын жүргізген бас мердігер «Баталасу» ЖШС директорының орынбасары Бекжан Ізбасар медпункттің кілтін Ханкөл медпунтктінің меңгерушісі Жұлдыз Аминоваға табыстады.

Ханкол метпункт (6)

Су жаңа ғимараттың лентасын аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен ауыл тұрғыны Ғабдрахман Бисеғұлов қиды.

Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале