31.03.2024, 12:30
Оқылды: 41

Харабали қаласынан сүйінші хабар жетті

Жәнібек ауданының спорттағы жүлделері толығып, ақжолтай хабарлар бірінен соң бірі жетуде. Жәнібектік теннисшілер мен палуандардан соң жас былғары қолғап шеберлері мерейді өсірді.

ФБ

Нұрбек Орынбаев жаттықтыратын жастар халықаралық турнирден олжалы оралды. Ресей, Әзірбайжан, Қалмақстан мен Дағыстан боксшылары бақ сынаған дода Астрахань облысы Харабали қаласында өтті. Ұлы жеңістің аяқталғанына 79 толуына орай өткен жарыста 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер арасында Бекназ Хамидолла мен Айбар Жайсаңғали жүлделі 2-орынды, Мерейхан Қамит жүлделі 1-орынды иеленді. Ал 2010-2011 жылдарда туғандар арасында Азизхан Қадыр қола жүлдені еншілесе, Бекқайыр Ұзақбай алтын жүлдені қоржынға салды.

-Шәкірттерім әлі де бабында екендерін көрсетті. Халықаралық турнирге кіл мықты жасөспірім қатысты. Оңай болмады. Дегенмен жәнібектіктер үмітті ақтады. Қуанышымда шек жоқ. Демеушілік көрсетіп, қолдаған Алтынбек Исаевқа алғысымды айтамын,- деді Нұрбек Жауынбайұлы.

Турнирде боксшылардың жетекшісі де жергілікті әкімдіктің алғысхатына ие болды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале