14.02.2024, 23:22
Оқылды: 42

XXXI дәстүрлі турнир жеңімпазы – "Жаһанша"!

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына және жауынгер-интернационалист Аманжол Ғұсмановты еске алуға арналған баскетболдан XXXI дәстүрлі турнир қорытындыланды.

54c8c2f8-56bd-4962-856b-8e91f0a3ab80

8 команда бақ сынаған тартысты бәсекеде ІІІ орынды "Райцентр" командасы, ІІ орынды "Алғабас жастары" командасы қанағат тұтса, І орынға алғашқы ойындардан-ақ көзге түсіп үлгерген "Ж.Досмұхамедов мектебі" командасы лайық деп танылып жеңіс тұғырынан көрінді.

"Жеңіске деген жігерлігі үшін" аталымымен Қ.Мырзалиев мектебінің командасы марапатталды.

Одан бөлек, Сырым Жұмағұлов "Үздік ойыншы", Кемел Ессұлтанов "Үздік қорғаушы", Әлихан Есқайыр "Үздік техникалық ойыншы", Әли Үмбетбаев "Үздік ойыншы" аталымдарына ие болды.

Жеңімпаздар мен үздіктерге диплом, медаль, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале