23.03.2024, 16:30
Оқылды: 36

Янайкин ауылында Ұлыстың ұлы күні тойланды

Биыл Янайкин ауылында әз-Наурыз мейрамы ерекше форматта аталып өтті. Мерекеге жиналғандар арнайы құрылған киіз үйдің ішінен дәм татып, концерттік бағдарламаға ден қойып, ұлттық спорттық ойындарды тамашалады.

IMG-20240322-WA0120

Мереке ақ батамен ашылып, бәле-жаланың барлығы қалып, жаңа жылға тазарып кірейік деген мақсатта аластау шаралары жүргізілді. Өз кезегінде сөз алған ауыл әкімі Сәуле Аққайырова мен аудандық мәслихат депутаты Думан Шанов ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбастарына амандық, шаттық, барлық жақсылықты тіледі.

InShot_20240323_162348824

Содан соң сахна төріне жергілікті өнерпаздар шықты. Мәселен, Мирас Шамашев пен Маргарита Баткина "Шілдехана-бесік той" әуенін арқау етіп қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойса, «Шамшырақ» әжелер ансамблі "Қазақы дастарханымды" шықады.

IMG-20240322-WA0260

Сондай-ақ Айымжан Қуаныш "Наурыз думан", Жанғазы Кенжебеков домбырамен "Амансың ба?", Әсет Әбуғалиев "Бәйге" әндерін тарту етті.

IMG-20240322-WA0080

Күш сынасып, гір тасын және қой көтеріп, арқан тартысқан ауыл тұрғындарының ішінен мықтыларды анықтау оңайға түспеді. Жарыс қорытындысы бойынша қол күрестен (армрестлинг) оқушылар арасында Т.Бигелдинов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Омар Ғазиз үздік болса, ересектерден Абдолкәрім Дошимов бас жүлдені жеңіп алды. Ал өркендік Жанат Аманғалиев 24 келілік гір тасын 30 рет көтеріп, топжарды. 70 мәрте қой көтерген Нұржігіт Гисатдинмен теңесер ешкім болған жоқ. Арқан тартыста ауыл жастары мықтылық танытты.

Салтанат Серікбайқызы,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале