9.05.2024, 23:09
Оқылды: 51

Янайкин ауылындағы "Мәңгілік алаңда" Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік шара өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылдық округынан Ұлы Отан соғысына 240 адам аттанған. Олардың көбі майдан даласынан оралған жоқ. Ал елге аман келіп, ауылда еңбек еткен соғыс ардагерлерінің соңғысы Константин Челноковтың дүниеден өткені де көп болған жоқ.

IMG-20240509-WA0069

Ұлы Жеңіс күніне орай Янайкин ауылындағы "Мәңгілік алаңда" ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға жиналғандар осы жеңімпаздарды еске алып, бейбіт өмір, жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Содан олардың рухына арнап бір минут үнсіздік жарияланды.

IMG-20240509-WA0076

Жергілікті өнерпаздардың шағын концерттік бағдарламасынан соң Ұлы Отан соғысына қатысқан янайкиндіктерге арналып салынған мемориалдық тақта жанына гүл шоқтары қойылды.

IMG-20240509-WA0084

IMG-20240509-WA0077

Салтанат Зұлқарнаева, 

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале