14.12.2021, 23:19
Оқылды: 67

Янайкин ауыз суға қол жеткізді

Тұғырлы тәуелсіздік мерекесіне орай Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылында су құбыры пайдалануға берілді. Мемлекетттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске қосылған ауыз су ауыл тұрғындарын үлкен қуанышқа бөледі. Өйткені Янайкинде бұл мәселе көп жыл бойы күн тәртібінде тұрды. Сол себепті де болар, ауылға жеткен су құбырының ашылуын көрмекке келген тұрғындардың қарасы қалың болды.

IMG-20211214-WA0136

IMG-20211214-WA0139

- Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – Президент Қ.Тоқаевтың алға қойған негізгі міндеттерінің бірі. Осы күні ауданға қарасты біраз ауыл тіршілік нәрімен қамтылды. Газбен қамту жұмысы да өз деңгейінде жүріп жатыр. Оның барлығы – тәуелсіздіктің жемісі. Ауылдағы су құбырларының іске қосылуы – әр тұрғын үшін айтулы күн. Осы бір игі іс ұзағынан болсын,- деді ауыл ағайынының қуанышын бөлісе келген аудан әкімі.

IMG-20211214-WA0134

Кейін ауыл тұрғыны, ардагерлер кеңесінің мүшесі Темірғали Мұқанғалиұлы сөз алып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, игі бастамаға үлесін қосқан әр жанға ақ батасын берді. Сондай-ақ салтанатты жиынға ауылға су құбырын өткізген мердігер Рахат Дәулетбаев та бой келді. Өз сөзінде ол янайкиндіктерді ел егемендігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, сонау мамыр айында қолға алынған жұмысты ойдағыдай аяқтауға үлес қосқан жандарға ризашылығын білдірді.

IMG-20211214-WA0132

IMG-20211214-WA0135

Бүтін бір ауылды қуанышқа бөлеген су құбырын аудан әкімі Марат Тоқжанов пен ақсақалдар кеңесінің мүшесі Темірғали Жанболатов іске қосты.

IMG-20211214-WA0137

Салтанатты жиыннан соң аудан басшысы мен бір топ халық қалаулылары және мердігер үйіне ауыз су өткізген ауыл тұрғыны Азалия Шаяхметованың үйіне бас сұқты.

IMG-20211214-WA0143

- Ауыз су үйімізге келіп тұр. Енді бұрынғыдай су мәселесіне алаңдамаймыз. Жасымыз келгенде бұның өзі – бізге көмек. Су құбырларын жүргізіп берген жұмысшыларға, қаражат бөліп, осы істің басы-қасында болған ауыл, аудан әкімдеріне көп рахмет, - деді қуанышын жасырмаған батыр ана Азалия Шаяхметова.

IMG-20211214-WA0142

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале