8.04.2020, 14:40
Оқылды: 97

Ынтымаққа шақырған үн

Әлем қиындықта. Бірімен-бірі бақталас болып, қырғи-қабақ отырған алпауыт елдер алаңдаулы. Күн сайынғы ақпарат ағыны соғыс даласынан келген хабардай – жүздеген адам короновирусқа шалдығып жатыр.

995D278E-2591-4A0F-B263-1A0B36A02CF3

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев осынау қиын-қыстау күнде Қазақстан халқына үндеу жолдап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Елі сыйлаған, Қазақстанды ел қылған Елбасы үндеуінің әр жолынан халыққа деген жанашырлық, ынтымаққа шақырған үн естіп отырмыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы «Төтенше жағдайдың жариялануы маңызды және қажетті қадам. Ондағы мақсат – біздің азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүддесін қорғау» деген Елбасы мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынғанын атап өтті. Ол шаралардың оңды нәтижесін біз көріп те отырмыз. Ел ішінде, өңірде жарияланған індетке тосқауыл шаралары вирустың таралуын бәсеңсіткенін көріп отырмыз. Індеттен құтылу жолы – оны таратпау, яғни, үйде отырып, тазалық сақтау.

Қиындықты бірлікпен еңсерген, ынтымақпен ұйыған елміз. Біз біргеміз!

 Арман Сағидоллин

Теректі аудандық мәслихат депутаты

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале