19.08.2022, 9:45
Оқылды: 47

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

Естеріңізде болса, шыңғырлаулық тұрғындар жақында ғана аудан орталығының бірнеше аумағында қарақұрт ошақтарының пайда болғандығын, оның адамға қауіпті екендігін айтып, дабыл қаққан болатын.

1

Сол себепті, аудан және  ауылдық округ әкімдіктері тиісті шара қабылдап, нәтижесінде

«Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы ұлттық сараптамалық орталығының  мамандарымен біріге отырып, 20 гектар жер көлемінде залалсыздандыру жұмысы жүргізілді.

Нақтырақ айтқанда, бейсенбі күні ауданның Елек өзені жағалауына жақын орналасқан  Тихоненко және  Амангелді көшесі, сондай-ақ ХПП (бұрынғы астық қабылдау пункті)  аумағында мамандар  тиісті залалсыздандыру шараларын жасап шықты.

3a01440a-a336-4402-a781-0e7ca5886df9

Айта кету жөн, жұмысқа тікелей жауапты дизенфекторлардың түсіндіруінше  - бұл дизенфекциялық дәрі-дәрмектің (препарат) адамдарға және мал-құсқа еш зияны жоқ. Залалсыздандыру кезінде барлық сақтық шаралары ережеге сай орындалды. Аллергия туғызбайды.

Ал, егер тағы да қарақұрт жәндігін көргендер немесе оның ошағын байқағандар болса, ауылдық округ әкімдігіне немесе« Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы ұлттық сараптама орталығына хабарласу қажет. Адамдардың амандығы үшін, әрбір тұрғын бала-шағамызға мұқият, қырағы  болғанымыз жөн.

Айсұлу Мұса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале