24.11.2022, 18:10
Оқылды: 17

Заң шеңберінде түсініктер берді

Бүгін Қаратөбе ауданында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» тобының жоспарына сәйкес семинар өтті.

Оны халықты ақпараттандыру және жемқорлықтың алдын алу мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаментінің превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин өткізді.

Антикор жиналысы. фото.jfif
Біржан Марданұлы семинарға қатысушыларға мемлекеттік ақпарат пен бизнестің парасаттылығы, мемлекеттік қаражатты тиімсіз шығындау тәуекелдерін, мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін төмендету, сапалы цифрландыру туралы түсінік берді.
Б.Хайруллин алдағы уақытта елімізде «Адалдық тексеру» енгізу жоспарланғандығын, 2023 жылы аталмыш жүйенің құқық қорғау органдарында жүргізілетіндігін айтты.
Облыстан келген өкілге аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Ерлан Ержанов сауалдар қойып, мемлекеттік сатып алуда заңды жіті меңгеру, кемшіліктерге жол бермеу мәселесіне тоқталды.

Антикор жиналысы фото 3.jfif
Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан семинарға қатысушыларға:

«Ашық форматта өтіп жатқан басқосуда облыстан келген өкілге сауалдарыңызды қойып, түсінбей жүрген мәселелеріңіз болса, ұғып алуға ат салысыңыздар», - деді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің бірнеше тәсілдері болатындығын айтып, мысалдар келтіру арқылы түсінік берген Біржан Марданұлы талдау жүргізу туралы шешімде көрсетілетін ақпарат, талдау жүргізу мерзімі, ақпарат көздері, лауазымдық нұсқаулық туралы айтты.
Б.Хайруллин Заң өзгерген сайын мекеменің Жарғысына өзгеріс енгізіліп тұратынын семинарға қатысушылардың назарына салды.

Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале