28.08.2021, 13:18
Оқылды: 90

Заңгер түсінік берді

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Жаңақала аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өз құқыңды білесің бе?» тақырыбында тіркеу және жер кадастр бөлімінің бас маман заңгері Жанна Мағауияқызымен кітапханашы Асылжан Біржанқызы сұқбаттасты.

«Өз құқыңды білесің бе»

Заңгер Ж.Мағауияқызымен әңгіме барысы сұрақ-жауаппен жалғасын тапты. Сұқбат барысында «Жеке адамның құқығы?», «Әрбір адам білуі тиіс заңдар және құқық түрлері?»,  «2021 жылы енгізілген жаңа заңдар?» тағы басқа сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Шара соңында Ж.Мағауияқызы аудандық кітапхананың мамандарына шығармашылық табыс тілеп, өз ризашылығын білдірді.

 

Назерке Нариманқызы,

Жаңақала аудандық кітапханасының кітапханашысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале