4.03.2020, 18:02
Оқылды: 103

Заңсыз тасымалға айыппұл салынды         

     Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде облыс орталығынан аудан, ауылдарға жолаушыларды  заңсыз тасымалдау тыйылмай отыр. Осы әрекеттің жолын кесу бағытында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және жергілікті «Шұғыла» газеті бірлесіп ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершіліке тарту жөнінде рейдтік шара ұйымдастырды.

zholaushy (3)

Нәтижесінде Жәнібек-Қазталов тас жолының 153 шақырымында А. есімді азаматтың басқаруындағы «Лада ларгус» маркалы автокөлігі тоқтатылып, Орал қаласынан 5000 теңгеге жолаушы тасымалдап келе жатырғаны анықталды. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық  соттың шешімімен 27836 теңге айыппұл салынды.

zholaushy (2)

– Егер ҚР азаматы шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 575-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтсақ, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 265100 теңге айыппұл салынады.  Сол себепті жүргізушілер заңсыз жолаушы тасымалын тоқтатып, заңды түрде тіркелулері керек, – деді аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Мейрамхан Бапахов.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале