21.10.2021, 17:50
Оқылды: 100

Зейнет демалысына шығарып салды

Бүгін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова ҚР  АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Сайн Досқазиевті қабылдады.

10

Аудан әкімі Әлия Биғазықызы  саналы ғұмырын ветеринария саласына арнап, өз ісінің маманы, тәжірибелі басшы бола білген Сайн Төлегенұлын  зейнеткерлік жасқа шығуымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасы шаттығын тіледі. Мерейтой иесіне алғысхат табыстап, иығына шапан жапты.

11

Зейнеткерге сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев және бірге қызмет атқарған әріптестері де ізгі тілектерін жеткізді.

Сайн Төлегенұлы 1958 жылы дүниеге келген. 1975-1980 жылдары Орынбор облысы, Илек ауылындағы зоотехникалық техникумда оқиды. 1980 жылы еңбек жолын мал дәрігері болып бастап, ветеринария саласында табан аудармай 40 жылдан аса уақыт еңбек етіп, өзінің еңбекқорлығы мен іскерлігінің арқасында басшылық лауазымға дейін көтерілді. Ұзақ жылғы абыройлы да еселі еңбегінің нәтижесінде басшылық тарапынан бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталған.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале