5.09.2022, 18:01
Оқылды: 203

Зейнет жасымен құттықтады

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихаттың мәжіліс залында  ауданның ветеринария саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Аққозы ауылдық округінің мал дәрігері Серік Опаұлының зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты салтанатты жиын өтті.

15

Қиын да жауапты қызметті абыроймен атқарып келген Серік Опаұлын аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов зейнет жасымен құттықтап, аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлының алғысхатын табыстады.

– Сіз, ауданның ветеринария саласында ұзақ жылдар абыройлы қызмет жасадыңыз. «Дәрігерлер адамды емдесе, мал дәрігерлері адамзатты емдейді»-демекші қызметіңізге адал қарап, үлкен жауапкершілік таныта білдіңіз.  Зейнет жасыңыз құтты болсын. Еңбекқорлығыңызбен елге сыйлы болып, аман-есен жүріңіз, - деді құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұржанұлы.

17

Салтанатты жиынды ұйымдастырған аудандық  ветеринариялық станциясының  басшысы Азамат Есенаманов әріптесі Серік Опаұлын зейнеткерлік жасымен құттықтап алғысхат және «Ветеринария саласына сіңірген ерен еңбегі үшін» төсбелгісін және облыстық ветеринария  басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетовтың алғысхатын табыстады.

«Қоржын» шаруа қожалығының жетекшісі Құсайын Мұқанов зейнет жасына  байланысты жерлесі Серік Опаұлына ат мінгізссе, ауыл кәсіпкері Қалимұрат Сариев иығына шапан жапты.

16

Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов және С.Опаұлының округтердегі әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, ол кісінің қызметтегі біліктілігі, жұмысына жауапкершілігі,  мінезінің ұстамдылығы турасында әңгімелеп, отбасына амандық тіледі.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале