23.08.2022, 12:31
Оқылды: 79

Зейнет жасына шығарып салды

Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова Ақбұлақ  ауылдық округіне қарасты ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Амангелді Сұлтанғалиевті қабылдады. Әлия Биғазықызы ұзақ жылдар мәдениет саласында қажырлы еңбек етіп, зейнет жасына  жетіп отырған мерейтой иесіне жылы лебізін арнап, алғысхат табыстап, иығына шапан жапты.

IMG_9515

Сондай-ақ әріптестерін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қ.Ислямкулов, аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры С.Ажғалиев та құттықтап, игі тілектерін білдірді.

Амангелді Сұлтанғалиев 1959 жылы 23 тамызда Шыңғырлау ауданы, Тасмола ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Тасмола орта мектебінің 10-сыныбын тәмамдап, 1979-1981 жылдары Орал қаласындағы совхоз-техникумында білім алған.

1984 жылдан өзінің еңбек жолын мәдениет саласында бастап музыкалық жетекші, мәдениет үйінің директоры лауазымдарын атқарады.

IMG_9489

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген А.Сұлтанғалиев баулыған талай өнерпаздар сахна төрінде көрермендерін тәнті етіп, жүлделі орындардан көріне білді.

Амангелді Сағынғалиұлының қажырлы еңбегі ескерусіз қалмай бірнеше мәрте аудан, облыс көлемінде алғысхаттармен марапатталды. Солармен қатар, 2019 жылы «Жылдың үздік мәдениет қызметкері» аталымына ие болса, 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған төсбелгісінің иегері атанды.

Марқұм жолдасы Алтынай екеуі 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан 6 немере, 3 жиен сүйіп отыр.

Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале