1.07.2022, 17:45
Оқылды: 90

Зейнет жасына шықты

Шыңғырлау ауданында әр түрлі салада абыроймен қызмет атқарып, бүгінге дейін қарттар үйінің директоры болған Хамит Салауатұлы Абдуғазиев жақында 63 жасқа толды.

IMG_2535

Ауданымызда еселі еңбек еткендер қатарында қызмет жасап, еңбегімен еленіп, білікті басшы, қызметте ілкімді ұйымдастырушы ретінде қам көңіл қарияларға қамқор бола білген азаматты аудан әкімі Әлия Биғазықызы құттықтап алғыс хат және сыйлық табыс етті.

Сонымен қатар, облыс орталығынан арнайы келген облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының талдау және мониторингілеу бөлімінің басшысы Досжан Ахметов те мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жапты.

Әкімнің қабылдау сәтінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаламалар бөлімінің басшысы Саян Баймуханов та зейнеткердің еңбек жолын әңгімелеп, зейнет жасымен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

А.Аңсар,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале