8.11.2022, 12:45
Оқылды: 43

Зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова спорт саласының білікті маманы Әділхан Сейілхановты 63 жасқа толуымен құттықтады.

IMG-20221108-WA0035

Әлия Биғазықызы зейнеркелік жасқа жеткен туған күн иесін төл мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, рухани сергектік, амандық тіледі. Сонымен қатар саналы ғұмырында өмірін спортпен тығыз байланыстырып, салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін алғысын білдірді. Спорт саласында абыроймен қызмет атқарған Әділхан Әйтімұлына аудан әкімі құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жауып, сый-сыяпат жасады.

Screenshot_20221108_113036

Ауылдық округ әкімі С.Бәйтенова да жастарға үлгі болып, ауылдық спорт шараларына демеушілік қолдау білдіріп, қоғамдық жұмыстарға етене араласқаны үшін өз алғысын білдірсе, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ө.Бекениязов пен Шыңғырлау спорт клубы директорының міндетін атқарушы Ж.Түймешов өңірімізде спорт саласына қосқан зор үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Әділхан Әйтімұлы аудан, округ әкімдеріне, әріптестеріне қызметін елегені үшін алғысын айтты.

Аман Сағи,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале