4.08.2022, 16:45
Оқылды: 46

Зейнеткерлік жасымен құттықтады

Қаратөбе ауданы әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев 40 жылдан астам уақыт бір салаға табанды башылық етіп келген аудан азаматы, аудандық электр торабының басшысы Хасанғали Мырзагерейді қабылдап, зейнеткерлік жасымен құттықтады.

7

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы Хасанғали Ізғалиұлына аудандағы стратегиялық маңызы бар  салаға басшылық еткен ұзақ жылдарғы абыройлы қызметіне алғысын білдіріп, облыс әкімінің орынбасары және өз атынан алғысхат табыстады.

8

Аудан басшысының құрметіне ризашылығын білдірген Хасанғали Ізғалиұлы қиын да күрделі салаға басшылық еткен кезінде аудан басшылығы,  аудандағы мекемелер басшылары мен округтер әкімдерінің бірлескен еңбегінің арқасында сала жұмысының арта түскенін айтып, алғысын білдірді.

Хасанғали Ізғалиұлы жас буынға  жол ұсынып, алдағы уақытта сала ардагері ретінде кеңесін айтып, көмектесетінін жеткізді.

9

Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, мекемелер мен бөлім басшылары қатысты.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале