25.10.2018, 12:17
Оқылды: 51

Зеленовта әлеуметтік сала қызметкерлері күні аталып өтілді

Бүгін аудандық мәдениет үйінде әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай салатанатты шара өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі Асхат Шахаров бастаған бір топ лауазымды тұлға мен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.

IMG_3968

- Елбасы Н.Назарбаев алдымызға көптеген міндеттер мен тапсырмалар қойды. Соның ішінде осы әлеуметтік сала да айтылып келеді. Бұл сала қоғамдағы кембағал жандардың өмірде өз орнын табуға септігін тигізеді. Әрине, мұндай жұмысты атқаруда сіздердің еңбектеріңіз ересен. Өзгелердің қайғысы мен қуанышына ортақтасып, қоғам дамуына еселі еңбек қосып жатқан сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, - деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.

Салтанатты кеш барысында әлеуметтік саланың дамуына өз үлестерін қосып жүрген бір топ сала қызметкері алғыс хатпен марапатталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Нұрлыбек ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz,

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале