31.10.2018, 11:06
Оқылды: 66

Зеленовта егіс жұмыстары аяқталды

 Дәнді, майлы дақылдар мен картоп және басқа да көкөніс пен бақша өнімдерін жинап алған Зеленов шаруалары кезекті егіс науқанын ойдағыдай аяқтады.

_DSC0041

147 073 гектар жерге дәнді дақыл еккен шаруалар 114 382 тонна өнім жинады. Майлы дақыл еккен қожалықтарда да жұмыс бітті. 26 748 гектар алқапқа егілген дақылдан 25 939 тонна өнім алынған.

Картоп еккен шаруалар да биылғы жұмыстарына көңілі толатындай. 1640 гектарға егілген картоптан 26 240 тонна өнім алынса, 1283 гектарға егілген көкөніс 21 336 тонна өнім берген. Бақша өнімдерінің де шығымы жаман емес. 475 гектар жерді алған бақша 7 600 тонна өнім берді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары биылғы дәнді дақылдардың былтырғыдан аздығы қуаңшылықтың кесірінен болғанын айтады.

Енді қыстақ қамына кіріскен шаруалар аудандағы 40 576 ірі қара, 62 202 қой мен ешкі, 4 470 жылқы және 7 түйеге қажетті 116 846 тонна шөп, 43 592 тонна жемді дайындап қойған. Қазіргі таңда аудан аумағындағы барлық қыстақ саны 93. Олар жем-шөппен толық қамтылған. Барар жолдары да жақсы.

Аяқ астынан қыс ұзап кетпесе, шөп те жем де қыс соңына дейін жетеді.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале