1.10.2018, 17:54
Оқылды: 85

Зеленовта өлкетану сайысы қорытындыланды

Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше айға созылған «Туған жер – тұнған шежіре» өлкетанулық-интеллектуалды сайысы қорытындыланды.

DSC_0287

Бес кезеңнен тұрған сайыстың алғашқы кезеңі тарих, әдебиет, өнер, танымал тұлғалар бөлімдерін қамтыды.

«Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Қара жәшік» құпиясы кезеңдерінде өлкеден шыққан елге елеулі тұлғалардың еңбектері, кәсіптерінен нәсібесін тауып, бүгінде халық тұтынып отырған ауыл кәсіпкерлерінің өнімдері сұрақ ретінде жасырылып, қатысушылардың біліктіліктері сыналды.

Шараның өткізілу барысында оқырмандар бейне-сұрақтары жолданып, жауап берумен қатар тарихи атаулардың шығу тарихына таңданыстарын да білдіріп жатты.

Үй тапсырмасы «Мен өз өлкеммен мақтанамын» тақырыбына әр топ арнайы дайындалған бейнебаяндарын ұсынды.

Қатысушы ұжымдар бірі сұраққа ұтымды жауап берсе, бірі дайындалған бейнебаяндарымен жанкүйерлер қошеметіне бөленді.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, І орынды Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімі, ІІ орынды Қ.Аманжолов атындағы мектеп, ІІІ орынды Переметный ауылдық округі әкімшілігі аппараты ұжымдары иеленді.

Ертай БИМУХАНОВ,

Зеленов ауданы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

DSC_0275 DSC_0277

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале