24.12.2018, 17:21
Оқылды: 75

Зеленовта жаңа балабақша ашылды

Зеленов ауданындағы Достық ауылында жаңа балабақша ашылды.

 zelenov (7)

Ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышына ортақтаса келген аудан әкімі Асхат Шахаров:

- Елбасымыз «Бала тәрбиелеу – болашаққа құйылған үлкен инвестиция» деп әрдайым айтып отырады. Мектепке дейінгі білім беру ісіне аудан басшылығы да үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жаңа білім беру мекемесінде балаларға барлық жағдай жасалған. Енді балабақша іші бүлдіршіндеріміздің шат күлкісіне толы болсын! - деді.

«Күншуақ-3» деген атау берілген балабақшада балалардың алаңсыз ойнап, жетілуіне қажетті барлық жабдық бар. Іші жылы әрі жарық.

Жаңадан ашылған балабақша жергілікті 10 тұрғынды жұмыспен қамтымақ.

zelenov (1) zelenov (4) zelenov (5) zelenov (6)

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале