29.12.2023, 11:45
Оқылды: 81

Зеленыйға таза су келді

Он бес жылдан бойы тасымал суды тұтынып келген Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округінің Зеленый ауылының тұрғындары Жаңа жыл қарсаңында бұл машақттан құтылды. Яғни аталмыш ауылға орталықтандырылған ауыз су келді.

жп су (2)

Қуанышқа орай ұйымдастырылған салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқановтың айтуынша, бұл игілік «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асқан.

жп су (4)

Оған 322,6 миллион теңгеден астам қаржы бюджет қаржысы жұмсалған.

Су құбырының жалпы ұзындығы 7,4 мың метр шамасында.

 Құрылыс-монтаждау жұмысы барысында жергілік үш адам жұмыспен қамтылған.

жп су (5)

Зеленый ауылында қазіргі таңда 124 аула болса, оның 107-сіне су құбыры тартылған. Ал 10 абоненттің үйіне су кіріп тұр.

жп су (3)

 

Салтанат Зұлқарнаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

жп су (1)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале