29.07.2021, 10:42
Оқылды: 85

Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен Шыңғырлау ауданы әкімі марапатталды

Биылғы жаз айларында Шыңғырлау ауданында археолог-ғалым Яна Лұқпанова бастаған облысымыздың экспедициялық тобы «проховтық» мәдениетке жататын Сақ-сармат бабаларымыздан қалған қорымда қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Нәтижелі жұмыстың нәтижесінде б.з.д V-VІ ғасырда өмір сүрген тайпа көсемдеріне арналған 3 қорым ашылып, сол заманның тарихынан едәуір сыр шертуге, толық мағлұмат алуға мүмкіндік беруде.

8D17F6AE-715D-4D23-96E6-BF66BBE8F132
Жалпы Шыңғырлау өңірі - тарихшылар мен археологтар үшін аса тартымды тарихи аймақ. Оған аудан аумағындағы мол археологиялық ескерткіштер себепкер болып отыр. Осы орайда рухани құндылығы жоғары зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуына аудан басшылығы жіті қызығушылық танытып, аса ауқымды және аса қажетті жұмыстарға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова және аудандық мәслихат депутаты Әлібек Талдыбаев үлкен қолдау көрсеткен болатын. Сондықтан өңіріміздің тарихи бет-бейнесіне үлкен көңіл бөліп, назарда ұстап отырған және жан-жақты қолдауын танытып жүрген Әлия Биғазықызына облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мерболат Ерсаевтың атынан, ал Әлібек Жұмаханұлына «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Батырхан Жұмабаевтың атынан алғысхаттар тапсырылды.

 Аман Ізмұхан.

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале